Бәрі де татулықтан басталады

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жүреді. Олар да Айнұрдың соңынан бір елі қалмайды.
Енді, мінеки, атасы мен әжесінің ауылымен қош айтысатын мезгіл де жетті. Папасы - әскери адам. Кезекті демалысы бітті. Жауынгерлік жаттығуларына қайта оралмақ.
Атасы мен әжесі:
Балам, қайда жүрсең де аман бол. Еліңді, жеріңді сүй, қорға, - деді.
Айнұр қоштасар сәтте ерекше мінез көрсетті.
Ата, әже, папа, мама, бәріміз бірге тұрайық, - деді.
Кәнеки, ондай болса. Бірақ, папаңның жұмысы бар. Атаң мен әжең ауылда. Мүмкін емес қой, жаным, - деді әжесі бауырмал Айнұрды кеудесіне қысып.
Онда мен атам мен әжемнің қасында қаламын. Кетпеймін. Кім қарайды оларға? - деді төрт жасар Айнұр көзі жасаурап.
Ендігі демалыста және келеміз, - деді мамасы.
Жоқ. Мен осы жерде қаламын.
Айнұр папасы және мамасымен қоштасты. Қолын бұлғап қалды.
Папасы мен мамасы Айнұрдың бүгінгі мінезіне қайран қалды. Әйтсе де қимай қоштасқандары жүздерінен байқалады.
Ал атасы мен әжесінің қуаныштарында шек жоқ. Айнұрдың атасы мен әжесіне кішкентай бүйрегінің бұрып тұрғанына әбден риза болды.
Айнұр атасы мен әжесінің қасында не үшін қалғысы келді?
Атасы мен әжесі немересіне неге риза болды?
Сендер Айнұрдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Сендер аталарың мен әжелеріңе сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіре аласыңдар?
Балалардың жауаптары











Дәйексөз
Ата-анаң саған туғаныңнан бастап, азамат болғанша қамқор болады. Сен де оларды сыйлауға, құрметтеуге үйренуің керек. Халықта: "Ата-анаңа құрметпен қара, әдеппен сөйле" деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
"Ата-анаңа, құрметпен қара, әдеппен сөйле" деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін.



Сергіту сәті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: