BORLAND DELPHI

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ата - анасының мүмкіндіктерін толықтырып, оны өзінің ұрпақтарына беріп отырады.
Delphi - дегі кластар тармағы қарайтырайық. TPersistent класы өзінің Тobject ата- анасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: ол мәліметтерді файлға сақтап , оны одан қайтадан ала алады, нәтижесінде оның барлық ұрпақтары осы мүмкіндіктерді орындай алады. TComponent класы өз кезегінде, класты құрушының ортасымен әрекеттесіп, оны өзінің ұрпақтарына бере алады.
TControl класы файлдармен және класты құрушының ортасымен жұмыс істеп қоймай, сонамен бірге экранда көрінетін бейнелерді құруға және оның қызметін орындауға қабілетті, ал оның ұрпағы TWinControl Windows терезелерін де құра алады және т. б. "2-сурет". 5
Полиморфизм - бұл мағынасы ұқсас мәселелердің әр түрлі тәсілмен шешетін кластар қасиеті. Object Pascal - дың шеңберінде кластардың қасиеті оған кіретін әдістердің жиынтығымен анықталады. Класс ұрпақтарындағы қандай да бір әдістің алгоритмін өзгерте отырып, программист бұл ұрпаққа ата- анасында жоқ ерекше қасиетті бере алады. Әдісті өзгерту үшін оны сол ұрпақта жабу қажет, яғни ұрпақта бір атаулы әдісті хабарлап, оған қажетті әрекетті жүзеге асыру қажет. Нәтижесінде объект - ата - ана мен объект - ұрпақта әр түрлі алгоритмдік негізі бар, объектілерге әр түрлі қасиет беретін екі бір атаулы әдіс жұмыс істейтін болады.
Object Pascal тілінде полиморфизм тек жоғарыда сипатталған мұрагерлік механизмі мен ата-ананың әдісін жабумен шектелмейді, сондай-ақ оларды виртуалдандыруда жүзеге асады.

Жобаның құрылымы. Жоба файлы Object Pascal тілінде жазылған, компилятормен өңдеуге арналған программа болып табылады. Бұл программа Delphi - де автоматты түрде құрылады, бірнеше жолдардан тұрады. Оны көру үшін Delphi - ді шақырып, бас менюден Project/View Source опциясын таңда

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: