тер, әдістер мен қасиеттер деп аталатынүш маңызды ұғымның бірлігін береді. Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру инкапсуляция деп аталады. Көпшілік жағдайда, инкапсуляция класты программаның қалған бөліктерінен оқшаулауға мүмкіндік береді, нақты бір есепті шешудің "өзіндік жеткіліктілігін" арттырады. Нәтижесінде класс қандай да бір басқарушылықты арттырады. Мысалы, Tform класы Windows - терезесін құруға қажеттілерден, Tmemo класы - толық басқарылатын мәтіндік редактор жұмысын, Ttimer класы программа жұмысын таймермен қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды (немесе инкапсуляциялайды).
Сонымен инкапсуляция дайын программалық жабдықтаумен жұмыс істеуге арналған қуатты құрал болып табылады. Delphi жүйесінің кластар кітапханасы - бұл программа құруға арналған Borland фирмасының программистері құрған кірпіштер жиынтығы екен.
Кез келген класс басқа кластан туындайды. Ол үшін оны хабарлағанда ата- ана кластың аты көрсетіледі:
TchildClass class (TParentClass)
Туындаған кластан автоматты түрде өзінің ата- анасының өрісі, әдісі және қасиеті шығады және олардың жаңамен толықтырылуы мүмкін. Сөйтіп, мұрагерлік принципі күрделі кластарды кезеңмен құруды және өзінің жеке кластар кітапханасын жасауға мүмкіндік береді.
Object Pascal - дың барлық кластары жалғыз ата - ана ТObject класынан туындаған. Бұл кластың өрісі және қасиеттері жоқ, бірақ өзіне кез - келген объектілердің барлық өмірлік қасиеттерін қамтитын жалпы тағайындалудың әдістерін қамтиды. Программист ТObject класы ата - ана болмаитын класс құра алмайды. Оған төмендегідей бейнелеулер тән:
TaClass Class (ТObject )
TaClass Class
Мұрагерлік принципі ТObject класынан оның ұрпақтарына қарай дами отырып, біртіндеп кеңейетін тармақтар кластар құруға әкеледі. әрбір ұрпақ өзінің
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>