BORLAND DELPHI

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

аланылатын идентификаторларды сипаттайды. Идентификаторлар типер, айнымалылар, процедуралар, функциялар тәрізді программа элементтерін белгілейді. Uses қызметші сөзінен кейін басталатын сөйлемнің көмегімен программист программаның ажырамайтын құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын, басқа файлдарда орналасатын программа фрагменті (модульдер) туралы компиляторға хабарлайды.
Программадағы:
Uses
Forms,
Unit1 in Unit1. pas fmExample;
Жолдар программада файл жобамен қатар, Forms және Unit1 модульдері пайдаланатындығын көрсетеді. Forms модулі Delphi - де стандартты модуль, ал Unit1 - әлі белгісіз, жаңа модуль, Delphi Мұндағый жағдайда модульдің мәтіні бар файлдың атын да көрсетеді (in Unit1. pas) және файл модуліне байланысты форманың сипаттамасы fmExample - де.
Программа денесі Begin сөзінен басталып, End. Терминеторымен шектеледі. Программа денесі Object Pascal - дың біренеше операторларынан тұрады. Әрбір операторда қандай да бір әрекет жүзеге асырылады - айнымалы мәнін өзгерту, есептеу нәтижесін талдау, қосалқы программаға оралу және т. б. Біздің мысалда программа денесінде үш орындалатын оператор бар:
Application. Unitialize;
Application. Greate Form (TfmExample, fmExample );
Application. Run
Бұлардың әрқайсысы Application объектілер әдісінің біріне оралады. Объект дегеніміз - өңдеуге арналған мәліметтер мен қосалқы программаны қамтитын, арнайы дайындалған программа фрагменті. Мәліметтер деп объектінің өрістерін, ал қосалқы программа деп оның әдістерін айтамыз. Объект тұтасымен алғанда, қандай да бір нақты есепті шығаруға арналған, программада бөлінбейтін бүтін ретінде қарастырылады. Объект қазіргі программалау тілдерінде маңызды роль атқарады. Объектінің басты екі қасиеті бар: оның функционалдығы мен бөлінбейтіндігі.

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: