н, аяулы ұстаздарыңмен қоштасатын, өмірге жолдама алып, болашақ қалаған мамандығыңды алу үшін екінші білім ордасының есігін ашып, табалдырығын аттайтын уақыт та жақындады. Сен қандай күйдесің? Әрине сенің көңіл-күйіңді мазасыздық сезімі кернеп, қобалжып, әбігерлік күй кешіп жүрсің. Бұл қалыпты адамның бойынан өтетін қалыпты жағдай. Енді бұл сезімдерді бойымызда ұстап қалмай тез және оңай құтылудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздеуіміз керек.
1. ҰБТ тапсыруға кіргенде шаршап, торығып, сары уайымға салынба, керісінше, құлшынып, жігерленіп, шабыттанып жеңіске ұмтыл!
2. «Оңайдан-қиынға», «Жеңілден-ауырға»деген принципті еске сақта!Әуелі тапсырмасы жеңілдеу болып келетін ауызша сабақтардан баста. Математика, физика сияқты сабақтардың да «Оңай» немесе «Оңайлау» сұрақтары болады. Әуелі осы оңай сұрақтардан «құтыл» сосын барып, қиын сұрақтармен жекпе-жекке шық!
3. Тест сұрағын мұқият оқы. Тапсырманың мәтінін түсін. Мысалы, «БҰҰ-на кіретін елдерді немесе кірмейтін елдерді белгіле»- дегенде «кіретін», «кірмейтін» деген сөздерге мән бер. Біз, әдетте, сұрақты аяғына дейін оқымай-ақ тестіні белгілей беретін жаман әдетіміз бар.
4. Саған сырттан келетін көмек жоқ. Тек өзіңе сен, біліміңе сен! Іштей Құдайға, ата-баба аруағына сыйынғаныңда бөтен болмас. Олар қолма-қол көмек бермесе де, көңілге сенім ұялатады, ерекше күш береді.
5. Шаршасаң екі қолыңды столдың үстіне жайып жіберіп, шалқалап отыр. Сосын палуандарша мойыныңды толғап, екі иығыңды ілгері-кейінді қозғап қимылдат. Сонда қалыпты жағдайға түсесің.
6. Тестінің жауап парағын мұқият толтыр. Пәндердің орнын ауыстырып алма. Тағы да қайталап айтамыз, асып-саспа, қысылып-қымтырылма! «Анау гимназиядан келді-ау, анау лицейден келді-ау» деп жігерің жасымасын. Оның бәрі де өзіңдей бала. Олар сенен артық емес. Ол
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>