Болашақ бүгіннен басталады

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Болашақ бүгіннен басталады
(Оқушыларды ҰБТ – ге психологиялық тұрғыдан дайындау. )
Мақсаты: ҰБТ – ге дайындау кезінде оқушыларда өзінің мінез – құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін – өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.
Міндеттері:
Оқушыларды қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну;
Эмоциялық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру;
Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру;
Қажетті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, музыка аппараты, баяу әуенді диск, қағаз бен қалам, жеміс - жидектер суреті
Сабақтың жүрісі:
Сәлемдесу.
Таспа тыңдау «Жас түлек»
Кеңес «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау»
Тест «Стресс – тест»
Аутотренинг «Теңіз жағасында»
Тренинг «Жеміс – жидектер салаты»
Қорытындылау.
1. Сәлемдесу.
- Сәлеметсіздерме, оқушылар? Көңіл – күйлеріңіз қалай? Қане, бір – бірімізге қошемет көрсетіп, қол соғайық! Бүгінгі психологиялық сабағымыз сендердің бойларыңдағы қорқыныш пен сенімсіздікті арылту мақсатында болғалы отыр. Әрине әр нәрсенің басы болатын сияқты сабағымызды сәлемдесуден бастайық.
Бір- бірімен сұқ саусақпен сәлемдесу;
Шынтақпен сәлемдесу;
Бір оқушы алақанымен екінші оқушының бармағын ұстап сәлемдесу;
2. Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау кеңесі
Құрметті мектеп бітіруші жас түлек! Сен егеменді еліміздің болашағысың. Аға буын егеменділіктің тізгінін саған сеніп тапсырды. Сенің келбетің- білімді азамат. Ол- егеменділіктің ертеңі.
Сенің алдыңда өмірдегі қиын да қуанышты сәттің бірі- Ұлттық Біріңғай Тест тапсыру сәті тұр. Он бір жыл бойына алған біліміңді таразылап, алтын ұя мектебіңме

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: