Бөлме өсімдіктерін күту жолдары
Астана. 13 мамыр. Baq. kz - Әдемілікті әрдайым тану адам психикасына жақсы әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Айналаны әдемі етудің ең оңай тәсілі - кеңсеге немесе үйге декоративті өсімдіктер сатып алу. Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің сәні болып табылады. Олар жалпыға қол жетерлік, олардың көптүрлілігі де бөлме интерьеріне cәйкесін таңдауға мүмкіндік береді. Ал, егер бөлме өсімдіктерін өсірумен ешқашан айналыспасаңыз, тәжірибені кактус өсіруден бастаған жөн. Олардың басқа гүлдерге қарағанда бірқатар басымдықтары бар. Кактустар электромагнитті толқындарды (оған компьютерді жатқызуға болады) сіңіру қасиетіне ие. Дәрігерлер компьютермен жұмыс жасағаннан бастары ауыратын адамдарға компьютердің қасына кактус қоюды кеңес етеді. Жағымсыз жағдайларда кактустар өздерін жайлы сезінеді және бұл олардың жақсы өсуіне септігін тигізеді.
Үй өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар: 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3. Баптап күту. Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар.
Жарықтың мөлшері. Бөлме өсімдіктері жарықты қажет еткенімен, олардың көбі күн көзінің тікелей түсуін аса "ұната бермейді". Мәселен, кактус, сүттіген, фаукария, сенецио сынды гүлдер жарықсүйгіш гүлдер қатарына жатады. Ал парагус, бегония, фуксия сияқты бөлме өсімдіктері жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер күн көзін
Страницы: 1 | 2 > >>