сүймейді, сондықтан көлеңкеге төзімді болып келеді.
Жылылықты сүйетін өсімдіктер. Бұларға тропиктік өсімдіктер жатады. Олардың ішінде кең тараған түрлері: бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, дроцендер, бромелия, геснерия тұқымдастар. Бұлар қыста 200С температурада жақсы өсіп, өнеді. Кактус тәрізді субтропиктік өсімдіктер үшін қыста температура 60С-тан 120С аралығында болуға тиіс. Егерде үй өсімдіктері тұрған бөлмелердегі температура режимі бұзылатын болса, өсімдіктер сарғайып, жапырақтары түсіп қалады. Үйде өсетін өсімдіктер аспалы өсімдіктер, сәнді жапырақ жаятындар, әдемі гүл шашатындар болып сан алуан түрге бөлінеді.
Жайлы орын. Бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болғаны жөн. Сол себепті оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машинаның жанына бөлме өсімдіктерін қоймауға тырысыңыз. Жатын бөлмеңізде бөлме өсімдіктерінің саны аз болғаны дұрыс. Себебі, өсімдіктер күндіз оттегін, ал түнде көмірқышқыл газын бөледі.
Суару. Бөлме гүлдеріне құятын судың температурасы бөлме температурасымен шамалас болғаны жөн. Сонымен қатар, суды алдын ала тұндырып алу керек. Судың шамадан тыс мөлшері өсімдік тамырының шіруіне себепші болады.
Бөлме өсімдіктерінің тазалығы. Бөлме өсімдіктерін аптасына бір рет жуып алған дұрыс. Гүлдерді шаң басқан жағдайда, олар тез зақымданып, ауруға жиі шалдығатын болады. Егер жуатын мүмкіндігіңіз болмаса, гүлдің жапырақтарын жылы суға малынған мақтамен немесе губкамен екі жағынан бірдей сүрту қажет.
Страницы: << < 1 | 2