Біз табиғатқа жауаптымыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

лады?
-Қарға,торғай,тоқылдақ,қарлығаш,көкек,сауысқан т. б. Құстарға ұя жасап,жем шашамыз,қамқорлық жасаймыз.
Тәрбиеші: Мына жерге құстың баласы құлап кетіпті. Балалар,балапанға көмектесейік. Сенің қолыңда әлсіз,дәрменсіз,өзіне-өзі көмектесе алмайтын құстың балапаны тұр. Алақаныңа алып,өзіңнің жылы,бірқалыпты деміңмен үрлеп жылыт. Алақаныңды көкірегіңе қойып,өз жүрегіңдегі қайырымды да,жылы тынысыңды сыйла. Қолыңды жоғары көтеріп,балапанды ұясына сал.
Жарайсыңдар,балалар!Сендер мейірімді,қамқор, ақылдысыңдар. Орманға саяхатқа шығып,жақсы іс-әрекеттер жасадық. Таза ауада тыныс ала отырып,сергіту жасап алайық.
Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз, Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. Орманға да барамыз, Қолға күрек аламыз, Ағаш түбін аударып, Су құямыз бәріміз. Табиғатты қорғаймыз, Жақсылықты қолдаймыз, Кіп-кішкентай болсақ та, Үлкендерше ойлаймыз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар,біз бүгін табиғат жайлы және оны қорғап,күтім жасау жайында ой қозғадық.



Алуан түсті гүлдер алқабы,сайраған құстар,бұлақ сылдыры,биік таулар,жарқыраған күн,таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлайды.
Балалар,табиғатқа байланысты қандай ойларың бар?Өз ойларын ортаға салады.
Табиғатқа қамқорлық керек. Өйткені,мен табиғатты сүйемін.
Табиғатқа қамқорлық керек,өйткені,табиғат менің екінші анам!
Табиғатқа қамқорлық керек . Өйткені,табиғат сұлулық мекені.
Олай болса,табиғат анаға рахметімізді айтайық.
Күн,сәуле шашқаның үшін рахмет!Бұлт,жаңбыр сепкенің үшін рахмет!Аспан,таза ауаң үшін рахмет!Ағаш,көлеңкең үшін рахмет!
Жарайсыңдар,балалар!
Қорытындылау:Балалар,біз бүгін қайда бардық? Орманнан не тауып алдық?Тапсырмаларды дұрыс орындадық па?Сендерге сабағымыздың қай жері көбірек ұнады?(балалардың жауабы тыңдалады).

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: