,ұзын жіптің бойымен тізбектеліп жүрейік. Орманда өзімізді дұрыс ұстай білуіміз керек. Қатты шулауға,айқайлауға болмайды. Себебі: аңдарды,құстарды шошытып аламыз.
-Балалар,аспанға қараңдаршы,бізге күлімдеп,бүкіл әлемге жылуын шашып тұрған не?
-Күн
-Алыстан бізге не көрініп тұр?
-Тау көрініп тұр
-Жолда нелер жатыр
-Тастар жатыр,ірі және ұсақ тастар.
Олай болса,біреу сүрініп құлап қалмас үшін,тасты жолдың шетіне шығарып тастайық. Сылдырап мөп-мөлдір болып,ағып жатқан не?
-Өзен суы. -Суды ластауға болама? -Қане,суды ластауға болмайды,суды аттап өтейік.
Тәрбиеші: Міне,орманға да жеттік. Балалар,жан-жақтарыңа қараңдаршы. Мына жерде бір қапшық жатқан сияқты. Мұны кім қойып кетті екен?Бетінде хаты бар. Балалар,ашып оқимыз ба?
Балалар:Иә. "Мен орманшы аталарыңмын. Қапшықта бірнеше тапсырмалар бар. Сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар,кішкентай болсада табиғатқа өз пайдаларыңды тигізген болар едіңдер".
Балалар,тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
1-тапсырма. Қандай ағаштардың атын білесіңдер,оларға қандай күтім көрсетуге болады?
-Емен,шырша,терек,қарағай. Ағаштардың түбін қопсытып,су құямыз.
2-тапсырма. Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер,гүлдердің құрылысын атаңдар?
-Түймедақ,бақ-бақ,қызғалдақ,раушан.
Гүлдер тамыр,сабағы,жапырағы,гүл күлтелерінен тұрады.
Ойын: "Гүлді құрастыр" Балалар әдемі гүлдер құрастырады.
3-тапсырма. Орманда қандай аңдар тіршілік етеді?
Аңдарға байланысты жұмбақ айту.
Орманда аю,қасқыр,түлкі,қоян,тиін тіршілік етеді.
Жұмбақтар:
Бұлаңдаған құйрығы Қалқиып ұзын құлағы Бір алдарлық қулығы (түлкі) Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
4-тапсырма. Қандай құстардың аттарын білесіңдер?
Оларға қандай күтім жасауға бо
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>