Біз табиғатқа жауаптымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Біз табиғатқа жауаптымыз
Мақсаты:Балаларды туған жерге,қоршаған ортаға,табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлі және тірі табиғатпен таныстыру. Құстар мен өсімдіктерді, жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге,ұйымшылдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: табиғат көрінісі,суреттер
Іс әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс- әрекеті. Балалар іс әрекеті.
Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шенбері:
Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз Біз мәңгілік достармыз Біз мәңгіге біргеміз Жазылмасын іргеміз Көңілдіміз күнде біз.
Тәрбиеші: Балалар,біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын тобымыздың көңіл күйін анықтап алайық. "Көңіл күйім неге ұқсайды?"тренингін жүргізейік. Әр бала өздерінің көңіл күйін ауа райы құбылыстарымен байланыстырып атау қажет.
Балалар: -Менің көңіл күйім ашық аспанға ұқсайды.
-Менің көңіл күйім күлімдеген күнге ұқсайды.
-Менің көңіл күйім құлпырған гүлге ұқсайды.
-Менің көңіл күйім табиғат сұлулығына ұқсайды
-Менің көңіл күйім жұмсақ бұлтқа ұқсайды.



Тәрбиеші: Бүгін біздің топтың көңіл күйі қандай екен?
Балалар бірге: Көңілді.
Іздену ұйымдастырушы:
Тәрбиеші: Олай болса,құлпырған шуақты көктемдей,табиғаттың керемет сұлулығын тамашалай отырып,жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Тәрбиеші: Балалар,табиғат дегеніміз не?
Балалар: Бізді қоршаған әлем.
-Табиғаттың неше түрі бар ?
-Табиғаттың екі түрі бар.
Тірі табиғат. Өлі табиғат. -Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Жануарлар,өсімдіктер,құстар,жәндіктер,адамдар.
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Тау,тас,күн,жер,су. т. б.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Өйткені,орманға саяхатқа шығамыз. Орманда адасып кетпес үшін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: