Біз бақытты балдырған

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Біз бақытты балдырған"
Мақсаты:
1. Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту.
2. Отбасы, достық, ойын, ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету.
3. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Тәрбиеші: Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
(Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтып, қимыл-қозғалыс жасайды)
Тәрбиеші: Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы: "Біз бақытты балдырған".
Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол - балалық кезі. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, "бақытты бала" деп кімді айта аламыз?
Балалар: Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
Тәрбиеші: Балалар, қоян мен қонжықпен бірге "Балалық әлеміне" автобусқа мініп саяхатқа шығайық. Олай болса, сендер әр аялдамада талап етілген тапсырмаларды орындап, белсенділік көрсетіңдер.
І. "Отбасы аялдамасы"
Тәрбиеші: Балалар отбасы деген не?
Балалар: Бір үйде тұратын адамдар.
Тәрбиеші: Отбасы мүшелерін ата.
Балалар: Ата, әже, әке, ана, ағағ апа.
Тәрбиеші: Ең алдымен отбасында не болуы керек?
Балалар: Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлау керек.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: