Тәрбиеші: Балалар бақыт деген не екенін өз сөздерімен айтып берсін.
1-бала: Бейбіт елдің ұланы
Оттай лаулап жанамыз,
Бұл бақыттың ұланы,
Біз бақытты баламыз.
2-бала: Тақпақ жаттап, ән айтып,
Біз өнерпаз боламыз
Біз осындай боламыз
Біз бақытты баламыз.
3-бала: Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
4-бала: Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
5-бала: Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағында гүл атам.
Тәрбиеші: Арманы асқақ, мәртебесі жоғары елде өмір сүретін әр бала бақытты болуға лайықты.
Хормен: Біз бақытты болуға лайықпыз.
- Әлемдегі әр бала бақытты болсын деп сіздер де өз тілек, ниетіңізді білдіріп, қолыңызды созыңыз.
/Тақтадағы плакатқа балалар жапсырма қағаздан дайындалған алақандар жапсырады/.
Қорытынды бөлімі:
Тәрбиеші: Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерге не ұнады?
Балалар: Автобуспен саяхат жасаған қнады.
Балалар: Ойыншықтардың суретін құрастырған ұнады.
Балалар: "Арқан тарту" ойыны ұнады.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "35 "Балдырған" бөбекжайы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
"Бекітемін"
35 "Балдырған" бөбекжай директоры
Кабдрахманова М. М.
" " 2018 жыл
"Біз бақытты балдырған"
Дайындаған: 6 ортаңғы топ тәрбиешісі
Сражанова Р. С.
Өткізген: 6 ортаңғы топ тәрбиешісі
Сражанова Р. С.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>