>Тәрбиеші: Әр бала бақытты болуы үшін өзінің сыйластыққа толы отбасы болуы керек.
ІІ. "Ойыншықтар аялдамасы"
Тәрбиеші: Балалар, біз көңілді уақыт өткізу үшін бізге не керек?
Балалар: Ойыншықтар керек.
Тәрбиеші: Сендер ойыншықтарыңды қалай ұстайсыңдар?
Балалар: Ойыншықтарды күтіп ұстаймыз.
Тәрбиеші: Бұл аялдамада "Жарма суреттер - Ойыншықтар" дидактикалық ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Қиылған бөліктерден ойыншықтардың суреттерін құрастыру.
ІІІ. "Достық аялдамасы"
Тәрбиеші: Балалар сендерге жалғыз ойнаған немесе көппен ойнаған ұнай ма? Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?
Тәрбиеші: Достық туралы қандай ережесі білесіңдер?
Балалар: Жолдастарыңа көмектес.
Балалар: Ойын кезінде өзіңе ұнаған заттарды бөліс.
Балалар: Тату ойнап, мақтанба.
IV. "Ұлттық аялдамасы"
Тәрбиеші: Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қазақ елінің елбасшысы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Елордамыз қай қала?
Балалар: Елордамыз - Астана қаласы.
Тәрбиеші: Біз Қазақстан атты мемлектте тұрамыз. Біздің мемлекетіміз көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Бұл мемлекеттегі бар ұлт тату-тәтті тұрады.
Ал, енді бұл аялдамада біз қазақтың ұлттық ойыны "Арқан тартуды" ойнаймыз.
Мақсаты: балаларды шапшаңдылыққа баулу.
Ойынның шарты: Ойынға екі топқа 6 баладан шығып, арқанды тартады. Едендегі сызықтан аяқтары шығып қалса, жеңіліске ұшырайды.
V. "Бақыт аялдамасы"
Тәрбиеші: Міне, балалар соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Яғни, біз бақыт аялдамасында тұрмыз. Біздің ата-анамыз жанымызда, қасымызда достарымыз бар, көңіліміз көтеріңкі, бейбіт заманда білім алып жатырмыз.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>