туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
Бисер дегеніміз не? (Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз)
Моншақ дегеніміз не? (Бисерлерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды)
Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар? (Стеклярустың бисерден айырмашылығы оның ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес келеді)
Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздіктің ережелерін сақтау керек? т. б.
VI. Қорытынды. Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Жамбыл облысы ,Жуалы ауданы,
Қошқарата ауылы, 9 Абай атындағы
орта мектебінің технология пәні
мұғалімі Тұралы Асханбай Ануарбекұлы
телефон мобильдік 87027943581
Сабақтың тақырыбы: Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік:Оқушыларға моншақпен жұмыс жасауды үйрету,
моншақ тоқу арқылы оқушылардың шеберлік деңгейін
арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт бағдар беру.
ә)Тәрбиелік:Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке,
шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке, іске
деген қызығушылық сезімін ояту.
б)Дамытушылық: Қыз балаларды ептілікке, шыдамдылыққа баулу,
өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара
іздене білу.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, география, әдебиет, бейнелеу.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>