Бисер тоқу

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>


Көрнекілігі: Сумоншақпен жасалған дайын бұйымдар, сызбалар, суреттер,
интерактивті тақта
Керекті құрал-жабдықтар: Сумоншақтар, маталар, сызғыш, метр, ине, ішек
(леска)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды
белгілеу,оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі.
«Мен бәрін жасай аламын» деп әр оқушы батыл болу үшін мынадай сөздер айтады.
1. Бүгінгі күн тамаша!
2. Мен өзімді жақсы сезінудемін.
3. Менің көңіл күйім керемет жақсы.
4. Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.
5. Барлығы қолымнан келеді.
6. Мен жұмыс істеуге дайынмын.
ІІ. Ой қозғау.
1. Тап-тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес
Жерге түссе таптырмас. (ине)
2. Басы екеу, аяғы да екеу (қайшы)
3. Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі-түсті
ұсақ моншақтар (сумоншақ)
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымызға қарағанда өзгеше. Сондықтан ортаға
Айзатты шақырайық. Не дайындап келді екен.
1. Оқушы:
-Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
2. Оқушы:
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б. з. д. ІV ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнектік массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де,
әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен.
Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,мағ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: