Бір шаңырақ астында

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

мемлекеттік тіл өте қажет.
ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
І – жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
ІІ – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Шығармашылық кешімізді жабық деп жариялаймыз.
«Бір шаңырақ астында» шығармашылық кеш
Мектебімізде «Тілдер мерекесі» апталығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мажитова Дана Уалиханқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Амина Құмарбекқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Кенжалин Әсет Қайырлыұлы сыныптан тыс «Бір шаңырақ астында» тақырыбында шығармашылық кеш өткіздік. Шығармашылық кеш «Таныстыру», «Шар жару», «Сұрақ-жауап», «Үш елге саяхат» атты бөлімдерден тұрды. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысып, топшалар құрады. Әр сынып оқушыларынан төрт топ құралды. Бірінші бөлімде топтар өздерін үш тілде таныстырды, екінші бөлімде шар ішінде берілген үш тілдегі өлең, речевкалардың жалғасын тапты, үшінші бөлімде үш тілде қойылған сұрақтардың жауабын тапты, төртінші бөлімде үш елге (Қазақстан, Ресей, Англия) қатысты жасырылған сөздер мен суреттерді қоржынға жинастырды. Бұл сайыста оқушылардың шығармашылық жұмыстары толық көрінді. Сонымен қатар сайыс кезеңдері арасында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, 7 «а» - сынып оқушыларының «А

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: