ут уақыт беріледі.
2-жүргізуші:
Бүгін бізде дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Бүгінгі күн таныды әлем
Қазағымның кім екенін.
Мақтанышпен мен өзіңді
Ән етемін жыр етемін. - деп мың бұралған 6 «а»-сынып қыздарының қазақша билерін тамашалауға ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Біздің елде тұрады деп жүрейікші
Құрметті көрерменді тәнті еткен
Орыс ұлтының өнерін көрсететін 7 «а»-сынып оқушыларының өлең-жырын тамашалайықшы.
2 – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
1 – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
. . . Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл. . . дей келе ендігі кезекті сайыскер топтарымыздың нағыз шығармашылығын көре алатын «Шар жару» сайысына берейік.
2 – жүргізуші:
Бұл сайыста қатысушы топтарға шарлар ішінде үш тілде өлең, речевкалар берілген. Тапсырма бойынша топтар өлең, речевкалардың жалғасын табады. Әр тілде берілген жауапқа 10 ұпайдан.
(топтар тапсырма орындап жатқанда Мырзағұл Мұратбек өлең оқиды)
І – жүргізуші:
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
ІІ – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
Ата-бабаларымыздан қалған мол мұраны дәріптей білетін жастарымыз. Осы сөздерімізді дәлелдей отырып Мұхтар Шаханов атамыздың «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп жеткізуші 10-сынып оқушысы Мырзағұл Мұратбектің өнерін тамашалайық.
І – жүргізуші:
7 «а»-сынып оқушысы Әлішер Данагүлдің тілге
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>