Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» шығармашылық кеш
1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Басымды иіп,
Тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымды айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.
2-жүргізуші:22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.
1-жүргізуші: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.
2-жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған» «Бір шаңырақ астында» атты шығармашылық кешімізді бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда мектебіміздің 7,8,9 – сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді».
Бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өткізіледі. Сайысқа қатысатын оқушылардың ана тіліміз бен өзге тілдерді қаншалықты біліп, құрметтейтінін анықтайтын боламыз.
2-жүргізуші:
Әділдікпен баға берер жастарға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділ қазы алқаларын сайлайық,
Өнерліні таңдап бүгін алуға
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Маржан Қайроллақызы
1-жүргізуші:
Шығармашылық сайысымызды бастамас бұрын әр сыныптан келген он екі оқушы үш топқа бөлініп алсын. Қатысушы оқушылар сіздерге Қазақстан, Ресей, Англияға қатысты суреттер қимасы берілген. Суреттерді құрастыру арқылы топ құрайсыздар.
1-жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек. Әр топ өздерін үш тілде таныстырады. Дайындыққа 10 мин
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>