Ашық сабақ
Тақырыбы:
"Бір орында тұрып ұзындыққа секіру"
Пән мұғалімі: М. Махамбетов дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
Арал қаласы 64 мектеп
Күні: 22. 10. 2015 ж Сыныбы: 4а
Сабақтың тақырыбы: Бір орында тұрып ұзындыққа секіру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдерін шыңдауға,баланың денесін, бұлшық еттерін жаттықтыруға үйрету.
Дамытушылық: Қимыл қозғалыс қабілеттерін жетілдіру. Спорт түрлеріне деген қызығушылын арттырып, көп күш салуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға,дене сымбатының дұрыс қалыптасуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Түсіндіру, үлгі көрсету.
Керекті спорттық құралдар: Жалаушалар, секундомер, ысқырық, метр,секіртпе.
Дайындық бөлім:
1. Оқушыларды ара қашықтықтарын сақтай отырып, бойларына қарай бір қатар етіп сапқа тұрғызу. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,формаларын қарап шығу.
2. "Сынып,сап түзе!" , "Тік тұр!" , "Ретімен сана!" деген бұйрықтарды 2-3 рет қайталап, естеріне түсіру және орындату.
3. "Оңға бұрыл!" , "Солға бұрыл!" , "Артқа бұрыл!" бұйрықтарын еске түсіру және орындату.
4. Спорт алаңын айнала 2минуттай сапты бұзбай жүргізу және жүгіру.
5. Жүріп келе жатып төмендегі жалпы дамыту жаттығуларын орындату:
1) Қолды жоғары созып,алақанды ішке қаратып, аяқтың ұшымен жүру.
2) Қолды белге қойып, өкшемен жүру.
3) Қолды белге қойып, жартылай, содан соң толық отырып жүру.
4) Жүресінен отырып, секіріп жүру.
5) Бастапқы қалыппен жүру, жүгіру.
6) Қолды алға айналдырып сол қапталме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>