рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ынғайлы, әрі уақытты үнемдейді.
Интерактивті тақтаны оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын мұғалімдер айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабақ беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің пайымдауынша инетрактивті бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы, белгілі бір материалды интерактивті тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға, оны сабақта болмай қалған оқушыларды қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгері, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>