Биология – XXI ғасыр ғылымы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
Биология - XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір - бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, инерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дұрыс дайындау керек.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютермен сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.
Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: