Биология әлемі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Биология әлемі

Мақсаты: 1. Білімді жүйелеп, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, танымдық қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы , белсенділіктері артуы, жылдам қимылға , ұшқыр ойлауға дағдылануы. 2. Оқушыларды биология ғылымының қызықты мәліметтерімен таныстыру.
3. Білімді, білікті болуға, шапшаңдыққа, алғырлыққа, тез ойлауға, достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! "Биология әлемі" атты 6- сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1. 2.
Тапқыр,білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
1 кезең
Ортамызға келіп тұр
Әр сыныптың жұлдыздары
Танысатын сәт келді
Жұлдыздардың сөзімен
"Таныстыру" кезеңінде әрбір топ өз атауларын, эмблемасын, ұранын айтады. 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
2 кезең
Бір кезде білімнен от алған
Көрінер ізденген топ алдан
Келесі кезең де басталар
Ғажайып ондық атанған
"Ғажайып ондық" кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.
1 топ
1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
4. Ұрықтан дамитын тамыр (Негізгі тамыр)
5. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
6. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
7. Өсімдіктің ұзарып өсуін қ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: