Білімділік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мақсаты: Білімділік
Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, оның ішінде домбыра аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету;
Дамытушылық:
Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту;
Тәрбиелік:
Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақтың ұлттық аспаптар көрмесі ,үнтаспа, буклеттер,
балалардың қолөнер жұмыстары т. б.

Сабақ барысы:
Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.
(домбыра)
Балалар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптарын тамашалап, танысатын боламыз. . Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. Ендеше тақтаға назар аударайық.
(аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)
Ұйымдастыру-іздестіру.
- Балалар, домбыра дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)
Ясер: - Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан музыкалық аспап.
Ахмад: - Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен жеткізе білген.
Әсем: - Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.
- "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" деп тектен тек айтылмаса керек.
- Балалар, мен сендерге "Домбыра туралы" аңыз ертегі айтып берейін.
(ертегіні айту)
"Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: