тып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл"Шайтан тиек" деп аталып кеткен".
- Міне балалар, содан бері халқымыз домбыраны "Киелі домбыра" дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.
- Сендер қазақ халқының қандай күйшілерін білесіңдер?
(балалардың жауабын тыңдау)
- Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Ақан сері, Дина апаларымыз да ән-күйлерін арнаған. Ал, балалар ән-күй аспаптары туралы қандай өлең-жырлар білесіңдер?
Аруай: Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың,
Үні менен ұраны.
Рамин Расул: Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат-ақ
Ол аспаптың бір түрі
Гүлдана: Қамыс құрай ағаштан
Түтікше боп ысылған
Үрлемелі ойықтың
Дыбысы нәзік сызылған.
Лаура: Жорғалатқан жетіген,
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз,
Шалып ойнар шаңқобыз.
Ән: Сыбызғы - сазсырнай. Орынд: Қарлығаш, Әсел, Әдемі.
Аяулым: Адырна, ұран, қос сырнай,
Саз қалыспас, қосылмай.
Соғар дабыл, жыланбас,
Шындауыл мен дауылпаз.
Ш. Расул: Тоқылдайды тоқылдақ,
Асатаяқ тайтұяқ.
Әуез кернеп, ысқынып,
Шығар керней, ысқырық.
Мұнара: Домбыраны қолға алып,
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен
Біз өнерді жалғайық.
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік.
Би: Қазақ халқының ұлттық биі: Қамажай.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>