"Білім - байлық" танымдық ойыны
Ойынның мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімдерін ойын арқылы дамыту, шапшаң ойлау, ұтқыр жауап беру қабілеттерін шыңдау.
Шара барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- 5-9-сынып оқушыларынан екі топ шығарамыз, есімдері дауысты дыбыстан басталатындар
1- топқа, дауыссыздан басталатындар 2- топқа бөлінеді (Алдын-ала саналды, 2 топтағы бала саны бірдей);
- Ойын барысын бақылайтын, топтардың жинаған ұпайларын санайтын сарапшы топқа
2 мұғалім тағайындалады;
ІІ. "Бәйге"
Екі топ мүшелеріне сұрақтар оқылады, жылдам жауап беру көзделеді, уақыт және дұрыс жауаптар саналады.
1-топ сұрақтары:
Тыйым салынған сөз. (табу)
Сөз мағынасын зерттейді. (лексика)
Тұрақты тіркестің термині. (фразеология)
Тілдің ең кіші бөлшегі. (дыбыс)
Жалғаудың түрлері. (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
"Ақ киізге көтерді" - мағынасы. (Хан сайлады)
Зат есімнің құрамына қарай түрі. (дара, күрделі)
Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
42 әріптің жүйелі тізбегі. (әліппе)
Етістіктің шақтары. (осы, келер, өткен шақ)
Сөздердің дұрыс жазылуын зерттейді. (орфография)
"Оқушы" сөзінің синонимі. (шәкірт)
Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлері. (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты)
Сын есімнің мағыналық түрлері. (сапалық, қатыстық)
Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай түрі. (еріндік, езулік)
2-топ сұрақтары:
Дөрекі сөзді сыпайы айтатын термин. (эвфемизм)
Сөз таптарын зерттейді. (морфология)
Жаңа сөздердің термині. (неологизм)
"Әліпби" сөзі қай тілден енген? (араб)
Жұрнақтың түрі. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
Буын түрлері. (ашық, тұйық, бітеу)
З
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>