Білім - байлық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3


Атақты өзі батыр, асыл текке,
Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,
Арттырды елу нарды әділетке.
("Айман-Шопан" жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру. )

Балталы, Бағаналы ел аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
("Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры, қоштасу. )

Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
("Ақсақ құлан Жошы хан" аңызы, естірту. )

V кезең "Қасиетті сан"

Бұл кезеңде екі топқа екі сан беріледі, сол санға байланысты білетін қасиетті ұғым, ұлттық түсініктерді айтады.
"3" және " 7" саны.
Мысалы: үш жұрт, үш байлық, үш би, үш дана, үш қат, үш қуат, үш ғайып, үш арсыз, үш дауасыз немесе жеті қазына, жеті ғашық, жеті күн, жеті ата, жеті жұт, жеті жетім.


VІ кезең "Пазл" ойыны

Бірнеше бөлікке ұсақталып қиылған 2 сурет (А-3) 2 топқа беріледі. Топ ойыншылары суретті құрастырып, не жасырылғанын тез арада табуы керек, және сол суреттегі екі жазушының өмірбаяны мен шығармашылығынан не біледі, соны ортаға салады. (М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов. )

VІІ кезең қорытынды

Ойын аяқталып, қорытындысын сарапшылар тобы шығарады. 2 топ ойыншыларына алғыс білдіріледі. Жеңімпаз топ мадақтамамен марапатталады







Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: