йыста ұпайына байланысты орындар беріліп, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталады.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымызды білдіреміз!Осы өткізілген іс-шарамызды Тәуелсіздіктің 25 жылыдығына арнаймыз. Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!
10. 09. 2016 ж. өткізілген "Берік отбасы-Мәңгілік Ел " атты отбасылық спорттық сайыстың
АНЫҚТАМАСЫ
Қыркүйек айының 10-шы жұлдызы күні спорт алаңымызда отбасылық спорттық сайыс болып өтті. Бұл сайыстың мақсаты "Денсаулық" ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа 4 команда катыстырылды. Олар "Бірлік", "Сұңқар", "Қыран" "Барыс" топтары. Жарыс 6 кезеңнен болып, әр сайыс кезеңі "5", "4", "3", ұпайлармен бағаланды. Жалпы ұпай санымен III орындарды "Сұңқар" және "Қыран" тобы иеленсе,II орынға "Барыс" тобы орналасты. I орынды ең жоғарғы ұпай санымен"Бірлік" тобы жеңіп алды. Барлық командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Б. Сарбалов
Н. Уржанбеков
Страницы: << < 1 | 2 | 3