Бақыт гүлін терген күн!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Тақырыбы: Бақыт гүлін терген күн!
Мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
Барысы:
Тәрбиеші:
Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Балалар:
Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Ән: "Жеңіс күнін тойлаймыз"
От жалыннан жаралған,
Отан-біздің анамыз.
Жауды жеңіп оралған,
Ортамызда ағамыз.
Ерлігіне бар адам,
Таңдай қағар тамсана.
Омырауға қадалған,
Ордендері қаншама.
Айтқан сайын жақсы аға,
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшамызда,
Жеңіс күнін тойлаймыз.
Фатима:
"70 жыл" - Бейбіт көктем таң атқаны,
"70 жыл" - Шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері 70 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Арслан:
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып
- 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері батыс шекараларына ене бастады. Ең алдымен, жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.
- Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: