атылды,
Орман шулап, тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ.
Елнұр:
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
Асылай:
Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұр олар 28 мың болып,
28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.
Алина:
Соғыс бұлты төнгенде,
Серік болып ерлерге.
Жаудың бетін тойтарған,
Елдің кегін қайтарған.
Би: "Сарбаздар"
- Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен. 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге "Жеңіс" атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.
Еркебұлан:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
Мадияр:
Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Алихан:
Пулеметті сөйлетіп
Қорғады алтын бесігін
Ұмытпаймыз өрлетіп
Мәншүк апа есімін
Аянұр:
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
Ән: Момышұлы Бауыржан
Жеңілмейтін жауыңнан,
Бөлінбейтін қауымнан.
Біздің батыр ағамыз,
Момышұлы Бауыржан.
Қорықпайтын дауылдан,
Торықпайтын жауыннан.
Біздің батыр ағамыз,
Момышұлы Бауыржан.
Сымбат:
Армиямыз айбынды,
Армиямыз қаһарман.
Күзетеді ай нұрлы,
Күн сәулеті Отанды.
Дамеля:
Шекарада күзетте,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>