Бақыт гүлін терген күн!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. . .
Санжар:
Соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі,
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар.
Аяулым:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
Арслан:
Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.
Ақбота:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын
Би: "Катюша"
Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілді. Бейбіт халықтың денесі жаралы.
-Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді.
Гитлер сөзінде "Қыс түскенше Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек" деді.
-Дәл осы кезде "Отан Ана шақырады" ұранымен бүкіл совет халқы майданға аттанды. Отан - Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға осылай шығарып салды.
Нұрасыл:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Кәусар:
Жерден , көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!
Аслан:
Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Ерасыл:
Тастар көкке

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: