жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру. . .
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
Бекасыл:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
"Алар жау сыбағасын оңбай бізден".
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Хор: "Бейбіт күн тілегі"
1 жүрг. (Дина) : 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 -- атқыштар полкі 4 -- ротасының 2 -- взводы тұрған бекініс жаудың 30 -- танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
2 жүрг. (Санжар) : Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Сая, Бақытбек тақпақтары-хормен
І жүрг. (Дина): Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.
IІ жүрг. (Санжар): Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ау
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>