Бақыт гүлін терген күн

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мұғалім : Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн -- деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай "Бақыт гүлін терген күн!" атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрініс: "Соғыс қасіреті" (күй ойнап тұрады)
Немересі:(Ақеділ) Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі:(Айнұр) Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(Ән "Священная война", қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні (Алтынай) жылап, бетін жабады).
Немересі: (Ақеділ)
-- Аттан! -- деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі: (Нұрсолтан)
-- (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі: (Айнұр)
-- Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін: (Алтынай)
-- (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: