/>Жаз бойы демалып қайтқан оқушылар мектептеріне сағынышпен оралды. Олар - өз мектебін жақсы көреді.
Мектептің сыныптары жарық, таза, ауласы кең. Мектепте спорт зал, кітапхана, асхана бар. Соңғы жылдары компьютер, мультимедиялық кабинеттер көбейді.
Мектеп – білім ордасы. Мұнда өте білімді мұғалімдер жұмыс істейді. Оқушылар оларды құрметтейді.
(56 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар.
ІV деңгей. 1. Мәтіннің мазмұнын ашатын тақырып қой.
2. Көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
ІІІ деңгей. 1. І нұсқа - «кабинеттері»
ІІ нұсқа – «сыныптары» сөз құрамына талда.
2. І нұсқа – «келді» дыбыстық талдау жаса
ІІ нұсқа – «жақсы»
ІІ деңгей. 1. Берілген сөйлемнен сөз тіркестерін құра.
Мектептің сыныптары жарық, таза, ауласы кең.
І деңгей. 1. Өзіңнің мектебің туралы әңгімеле. (4-5 сөйлем жаз)
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Тоқсандық бақылау жұмысы (ІІтоқсан соңы)
Мақсаты: оқушылардың ІІ тоқсан бойынша стандарт талаптарының орындау деңгейін
анықтау.
Міндеті: - мәтінді сауатты жаза алу;
мәтінді түсініп, қорытындылау;
белсенді сөздік қорларын синоним, антоним келтіре алу;
сөз құрамына қарай талдау;
сөйлеу қызметі әрекетіне орай өз ойын жеткізе білу.
Жатжазу
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның Ата заңы, Әнұраны,Елтаңбасы, Туы, мемлекеттік тілі бар. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаев. Ол беделі зор саяси қоғам қайраткері.
Қазақстан – бейбітшілікті сүйетін ел. Ол қазір – дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр.
Қазақстанның негізгі халқы – қазақ халқы. Онда басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату тұрады.
(54 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей. 1. Мәтінге тақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>