Бақылау жұмыстары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Бақылау жұмысы (алғашқы үзік)
Мақсаты: 5-ші сынып бағдарламасы бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін
анықтау.
Негізгі білім: тілдік білім.
- Лексика. Белсенді сөздік қорлары синоним, антоним, омоним, кірме
сөздер.
- Фонетика. Қазақ тіліне тән дыбыстар, дауысты, дауыссыз дыбыстар.
- Морфология. Сөзжасам, сөз құрамы. Зат есім оның жалғаулары,
иелік формалары.
Біліктілік: мәтінді түсіну.
иә,жоқ сөздерін пайдалану
сұраулы сөйлем жасау, сұраққа жауап беру
сөйлемді түрлендіру
қорытынды жасау.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өте бай тіл. Қазақ тілі 1989 жылдан бастап мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі.
Біз 1-ші сыныптан бастап қазақ тілін оқимыз. Қазақ тілі сабағында оқуға, жазуға, сөйлесуге үйренеміз. Сонымен бірге қазақ халқының тұрмыс-салтымен де танысамыз. Маған қазақ тілі ұнайды. Ол – менің, Отанымның, ата-анамның, достарымның туған тілі.
(60 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей. 1. Үшінші сөйлемді аударып, мәтінге ат қой.
2. Сан есімдерді сөзбен жаз.
ІІ деңгей. 1. Бірінші сөйлемді екі тәсілмен сұраулы сөйлемге айналдыр.
2. «Отанымның» сөз құрамына талдап, тәуелде.
І деңгей1. Мына сөз тіркестерінің иелік формаларын көрсет.
Мен. . . . Отан. . . .
Сен. . . дос. . . . .
2. Иә, жоқ сөздерін қолданып сөйлем жаз.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Тоқсандық бақылау жұмысы (І тоқсан соңы)
Мақсаты: грамматикалық тақырыптарды менгеруін және сауаттылық деңгейін анықтау;
өздігінен ой қорытындыларын жасайтын дағдысын тексеру.
Жатжазу.
Қыркүйек айы келді. Мектеп жаңа оқу жылына дайын, кабинеттері қазіргі талапқа сай жабдықталған.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: