br/>
Рефлексивті- түзетушілік.
Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді бастамас бұрын "Көктемде" суреттер бойынша сөздік ойынын ойнап жіберейік. Күн, Қар, Құстар, Ағаштар, Гүлдер, Жаңбыр суреттерін көрсете отырып, "Көктемде" сөзінен кейін сурет бойынша сөйлем құрату.
Жұмбақ:
Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
Балалар, көзімізді жұмып, еркін отырып, үнтаспаға құлақ түрейік:
Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдау.
- Балалар ненің дыбысын естідіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілінде жылы жаққа ұшып келген әнші қараторғайдың дыбысы екен.
Олай болса балалар біз бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде ақын жазушы Қастек Баянбаев ағамыздың "Қараторғайдң ұясы" өлеңін жаттап, жыл құстары жайлы әңгімелесетін боламыз.
Біздің жеріміздегі құстардың көпшілігі-жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып,балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді, ал күзде қайтадан ұшып кетеді. Сондықтан да оларды жыл құстары деп атайды.
Жыл құстарына: аққу, тырна, көкек, қарлығаш, қараторғай және тағы басқа құстар жатады.
Жыл құстарының қандай пайдасы бар?
(Зиянды жәндіктерді құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды. )
Суретпен жұмыс:
Жыл құстарының бірнешеуіне түсінік беріп, олардың тіршілігі , ұқсастығы, дыбыстауы жайлы түсіндіру.
Жұмбақ:
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқыр
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>