br/>
Балаларға Қастек Баянбаевтың суретін көрсетіп, оның шығармашылығымен таныстыру.
Өлеңді мәнерлеп оқу:
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтау,
Дейді менің тұрағым.
Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған,
Күттім қашан сайрауын.
Сол ұяны талдағы,
Қараторғай мекендеп.
Күні бойы сайрады,
Жайлы пәтер екен деп.
Сұрақ-жауап:
-Өлеңде не жайлы айтылған?
- Қараторғай қандай құс?
- Сендер құстарды қалай қарсы аласыңдар?
Өлеңді суретті үлгі көмегімен жаттау.
Сергіту сәті.
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
/Б. Бөрiбаев/
Билингвизм. Птенцы - балапандар, Птицы - құстар, Ұя - гнездо ,Скворечник-қараторғай ұясы, Скворец-қараторғай.
Сөздік жұмыс: Пәтер, тұрағым, қонақтау.
Қазақ халқы торғайлар арқылы ауа райының өзгерісін алдын-ала болжап біліп келген.
Қараторғайға байланысты халық болжамдары.
- Ауа райы нашар күні торғай топтаса ұшса, күн ашылады.
-Торғайлар суды көп, ұзақ ішсе, жауын-шашынсыз, ашық күн болады.
- Бұтаға бұққыш, тығылғыш келсе, кешікпей күн желдетеді.
- Құстарға байланысты қандай тиым сөздерді білесіңдер?
Сурет бойынша әңгіме құрап айту.
Шығармашылық әр
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>