Білім беру саласы: Коммуникация , Таным, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Драма
Тақырыбы: "Бауырсақ" ертегісі(қуыршақ театры)
Мақсаты: Ертегіні балаларға қуыршақ театры арқылы сахналап, ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез- құлқын жеткізе білуді үйрету; сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу; таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау. Жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ театр, презентация, атрибуттар.
Билигвиальды компонент: бауырсақ-колобок, қоян-заяц, қасқыр- волк, аю- медведь, түлкі- лиса.
Оқу іс-қызметінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Сәлем балғын балалар!
Бәрін бері қараңыздар
Бауырсақ жайлы ертегі
Сіздерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайық көріңіздер
Өз бағасын беріңіздер!
Балалар шаттық шеңберін құрып іс- қимылдар арқылы орындайды
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі
бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді
ЖҰМБАҚТАР:
1. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
2. Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
3. Өзі бір қу,
Жүрген жері шу.
4. Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көрі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>