Сынып: 11 "А" Мерзімі: 23. 12. 2015
Сабақтың тақырыбы: "Бауыржан Момышұлы - аңыз адам!"
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.
2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
ІІ. Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша "Бала Бауыржаннан - батыр Бауыржанға дейін"
ІІІ. Мәнерлеп оқу. Арнау (ақындардың өлең жырлары)
а) М. Мақатаев "Бауыржан Момышұлына"
ә) Қ. Аманжолов "Бауыржан"
ІV. Б. Момышұлының қанатты сөздері
V. Жуалы батырлар мекені.
VІ. Әдеби - музыкалық монтаж
VІІІ. Қорытынды.
І. Мұғалім сөзі:
Көзінің тірісінде - ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға - Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл - ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>