ндағы айқын көрінісі. "Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде," - деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз.
ІІ. Өмірдерек "Бала Бауыржаннан - батыр Бауыржанға дейін"
1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 жылы Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924 жылы үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық мектебіне ауыстырылады.
1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928 - 1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932 жылы Қызыл армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.
1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді, сол жылы Қызыл армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы соғыс басталғанда 316 - атқыштар дивизиясының жасақталуына ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.
1941 жылы 26 қарашада маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
Бауыржан айтқан даналы сөздер:
1. Именіп жүріп көрген игіліктен
Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
2. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі.
3. Мұратыңа жеткенше,
Дос - дұшпанға сыр берме.
4. Үміт өрге тартады,
Үмітсіздік көрге тартады.
5. Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі.
6. Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт мақтанышының белгісі
7. Ер е
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>