лабым.
Ұғындым ұлылықтың,даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталғанын.
23-оқушы:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
24-оқушы:
Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаурап алған.
25-оқушы:
Нұр құйған зейіндінің санасына
Нұрлы шам сәулесіндей мейірмің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
26-оқушы:
Алғашқы ұстаз, ерекше тұла дара шың,
Ұмытылмастай көңіілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
27-оқушы:
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
28-оқушы
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі хормен: Мың алғыс сізге біздей түлкетерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
2-жүргізуші :Зарина:
Иә, Әлижан, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби-балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
1-жүргізуші :Әлижан:
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
2-жүргізуші :Зарина:
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз-анамыз бізді сауатты,тәрбиелі,өнегелі азамат етіп шығарды.
1-жүргізуші :Әлижан:
Ендеше , бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
29-оқушы:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқа
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>