Бастауышым – балбұлағым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

;Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға",-деп ұлы Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымызбен солымызды танытқан,бізбен бірге,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екенін бәріміз білеміз.
Ендеше ,Әлижан,балалардың ұстазға арналған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз, қане ортаға салып көрейік!
1-жүргізуші :Әлижан:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. "Мұғалім - мектептің жүрегі" деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2-жүргізуші :Зарина:
Дұрыс айтасың Әлижан, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқынқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де,бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1-жүргізуші :Әлижан:
Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: "Болашақтың басшысын да, данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді",- деген екен. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
6-оқушы:
1 қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүліммен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйікті қоңырау үнімен
7-оқушы:
Әлі есімде , мектепке алғаш барғаным ,
Өз қолыммен Әліппені алғаным.
Ақтардым Әліппенің парағын ,
Әріптерді үнсіз ұзақ қарадым.
8-оқушы:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға ,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүрегіңді ұнаттық арамызда.
9-оқушы:
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алар балалар.
Оқу сырын өзііңнен,
Біліп алар балалар.
10-оқушы:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.


11-оқушы:
Шәкірттердің тыңдап жауап, сұрағын,
Жас

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: