Бір сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі
Өмірің сенің гүл болсын! (гүл шашады )
40- оқушы:
Өмір деген сан-саналы қиыр жол,
Адаспасаң одан да аларың мол.
Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да
Саған досым тілейтінім тек ақ жол !
41- оқушы:
Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда.
Өмірге ұлы самғауға,
Жар бола көрсін бір алла !
42- оқушы:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз.
Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де ата-анмыздың арқасы.
43- оқушы
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
44- оқушы
Дүниеге әкелген , ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген,ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болшын анашым!
45- оқушы
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төге, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін !
2-жүргізуші :Зарина:
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық көрем мен сізді.
1-жүргізуші :Әлижан:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төрт сыныбым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалды.
2-жүргізуші :Зарина:
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым,көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Рахмет саған, бастауыш мектебім!
1-жүргізуші :Әлижан:
Әріп сырын ұқтырып,
Жазуды алғаш үйреткен.
Қарсы алайық тік тұрып,
Сол ұстазды құрметпен,- дей отырып
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>