БАСТАУЫШТА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БАСТАУЫШТА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Алибекова Базаркүл Ералықызы
HYPERLINK "http://videouroki. net/filecom. php?fileid98700711" http://videouroki. net/filecom. php?fileid98700711
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін, олардың жекелеген сапаларын дамыту қажет деп білеміз. Оның ішінде: зердесін, эмоция мен сезімдерін, өзіне деген сенімділігін, өзін жақсы көруді, дүниеге көзқарасын, дербестігін, ынтасын дамыту. Педагог-психологтардың (оның ішінде Л. С. Выготскийдің) еңбектеріне талдау жасаудың негізінде ақыл-ойдың дамуының екі жолын атап көрсетуге болады. Оның біріншісі, қол жеткен даму - онда оқушы тапсырманы өз күшімен орындайды. Екіншісі, ең жақын даму аймағы - педагог тапсырманы күрделендіріп, мәселені шешуге бағыттайды. Бұл жолдың екеуінің де өзіндік орны ерекшеліктері бар. Біріншісі, оқушының талпынысынан, ұмтылысынан, ішкі мотивінен туындаса, екіншісі, сыртқы мотив арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай жолдары белгілі: әңгімелесу, топ серуенге шығу, тәжірибелік жұмыстар, техникалық құралдарды пайдалану, танымдық есептер құрастыру және оны шешу, сөз жұмбақтар, ребустар, метограммаларды құрастыру және шешу, практикалық жұмыстар жүргізу. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыстағы мақал-мәтелдерді оқушының шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолы бар:
- тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу;
- оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету;
- көрініске қарап мақал-мәтел айту;
- табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру;
- суреттерге қарап мақал-мәтел айту.
Осының нәтижесінде оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы, тапқырлығы, нақты ой болжауы - тіл байлығы артады
Зерттеу жұмысы барысын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: