БАСТАУЫШТА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

оқыту процесіне ықпалы бойынша айқындайды:
1 Ойын дамытуға ықпал етеді;
2 Берік білім алуға көмектеседі;
3 Оқыту үрдісін жеделдетеді;
4 Дербестігін және танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді;
5 Мұғалім жұмысының әдістемесін жақсартады.
Зерттеуші мұғалімдердің пәнаралық байланысты пайдалану мақсаттарын айқындаған
1 Оқушыларды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді.
2 Білімнің сапасын арттырады.
3 Танымын, оқу іс-әрекетін белсенділендіреді.
4 Танымдық қызығушылығын қалыптастырады.
5 Оқушылардың ойын дамытады.
6 Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін дамытады.
7 Ес пен ойлауды дамытады.
8 Қисынмен ойлауды дамытады.
9 Тапқырлығын дамытады.
10 Оқыту үрдісін жеделдетеді.
11 Білімін практикада қолданады.
12 Шығармашылығын дамытады.
13 Зейінін дамытады.
14 Оқығанын пысықтайды.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т. б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту процесінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері ретінде қарастырылады. Пәнаралық байланыстардың практикалық жүзеге асырылуының негізгі бағыттары: оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде, оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда, жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда, оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде орындалады.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: