Баспасөз-өмір айнасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

п, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал жатады.
Газет-журналдардың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз,қызықты жайларды білеміз. Сонымен бірге тарихи оқиғалар, атақты адамдар жайында мақалалар оқимыз. Көптеген газеттерде міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа райы жайында мәліметтер басылады.
Газет-журналдардың түрі көп: орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға, жасөспірімдерге, спортқа, музыкаға арналған. Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет-журнал шығады. Қазіргі кезде қазақ тілінде"Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Алматы ақшамы" т. б. газеттер шығарылады. Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, орталық,республикалық, облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.
Г азет айдарлары (рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады.
Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, "Семей таңы" газетінде "Шетел жаңалықтары", "Ішкі хабарлар", "Қала жаңалықтары" атты айдарлар бар. Сонымен қатар "Бүгінгі номерде", "Бүгінгі оқитындарыңыз", "Баспасөз баршаға", "Жұлдыз жорамал", "Ауа райы болжамы", "Спорт және біз" т. б. айдарларды келтіруге болады. Мақала- газет ұстанатын

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: