Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: Баскетбол. Допты беру тәсілдері.
Өткізген: Зайнышев А. Ж.
2016– 2017 оқу жылы
Спорттық ойындары бөлімі / баскетбол / мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Допты беру тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Ойын әдіс тәсілдерін үйрету, допты беруді жетілдіру,
жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секіртпе жіп (скакалка)
Өтетін орны: спорт зал
МазмұныМөлшеріӘдістемелік нұсқау
І
1
2
3
4
5
6Дайындық кезені
Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу. Түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оңға-солға бұрылу
Жүру, жүрістің түрлері
-қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру,
-қолды тіке жанға созып, өкшемен жүру,
-қолды бүйірге таянып, табанның сыртқы қырымен жүру,
-қолды бүйірге таянып, табанның ішкі жанымен жүру,
Спорттық адыммен адымдап жүру
Алаңды айналып жүгіру
-оң жақ бүйірмен ілеспелі адыммен, қолды иық буынынан алға айналдыра жүгіру,
-қолды иық буынынан артқа құлаштай сермей, сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен адымдай жүгіру,
-арқаны алға беріп,бір жақ иықтан артқа қарап жүгіру,
-ирек сызықпен жүгіру (змейка)
-тізені сәл бүгіп, қолды тізеге, ирек сызық жасай жүргізу,
Жүріп келе жатып, бір саптан 2 немесе 3 қатарға тұру
-Б. Қ. Аяқ иық кеңдігінде, екі қолды тік жоғары көтеру. 1-оң жанға иілу, 2-б. қ,
3-сол жанға иілу, 4-б. қ.
-Б. Қ. Аяқ иық кеңдігінде, қол тіке жоғары 1-3жанға иілу, бір мезгілде тізеден бүгілген аяқты жанға көтеру. 2-4 б. қ.
-Б. Қ. Аяқ иық денгейінде, қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1-3 артқа бір адым жасап отырып, кеудені қарсы қапталдан артқа бұру, 2-4 б. қ.
-Б. Қ. Бір тізерлеп, екінші аяқты жанға созып
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>