Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
Физика және информатика
пәнінің мұғалімі
Хамитова Лунара Максотовнаның
ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ е с е б і
2014-2015 оқу жылы
Басқаларды үйрете отырып, өзіміз үйренеміз
"Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын"
Альберт Эйнштейн
Мен, Хамитова Лунара Мақсотқызы 1979 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келдім. 1984 - 1985жылдары балабақшада болып, 1985жылдың қыркүйегінде дайындық сыныбына, 1986 жылы Ғ. Бегалиев орта мектебінің 1 - сыныбына қабылдандым. 1996 жылы осы мектепті аяқтап, сол жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің "физика және математика" факультетінің "физика және информатика" бөліміне түсіп студент, яғни ізденуші атандым. 2000 жылы "математика және бейнелеу өнері" факультетінің "физика және информатика" бөлімін бітіріп шықтым. Қолымызда диплом, студенттік өмірдің ащысы да, тәттісі де, қызығы мен қиындығы қатар жүретін жылдарды артқа салып, алдағы "өмір" кемесіне аяқ басқалы тұрған бірнеше студенттердің көкейкесті ойларыеың бәрі де менікіндей деп ойласам қателеспеген болармын деп ойлаймын. Төрт жыл бойы оқып тоқыған, білген, үйренген , жинаған, терген білімімді қажетіме жаратсам, өмір жолын бастарда көмегі болса, осы кезге дейін ата - ананың үмітін ақтап, көңілінен шықсам, өз нанымды өзім тауып жейтін еңбек жолын сәтті бастасам деген ойлар маза берер емес. . . 2000 - 2002 оқу жылдары Қоныс орта мектебінде еңбек етсем
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>