Күні:
Білім беру саласы: "Әлеумет"
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: "Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды"
Мақсаты:
1. Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру.
2. Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру. Барлық мамандық қажет екен-дігін ұғындыру.
3. Маман иелерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Мамандық туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: Мамандық.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды шеңберге тұрғызу.
"Не бұрын?" ойыны.
Шарты: Балаларға сөз айтып доп лақтыру. Допты қағып алған бала сұраққа тез жауап беру керек.
Не бұрын?
Балапан . . .
Жылқы . . .
Сиыр . . .
Көйлек . . .
Шеңберге тұрады.
Айтылған сөзді тыңдап, бұрын болған сөзді айтады.
Балалардың жауабы:
. . . жұмыртқа
. . . құлын
. . . бұзау
. . . мата
Ұйымдастыру- іздестіру
Жұмбақ айту.
1. Ауырған адамның қасында,
Емделудің жөні бар.
Жазылған адамдар қасында,
Риза болып, рақмет айтар.
2. Тәп-тәтті тамағы,
Астың маманы.
3. Қолдағы жұмыс жарағы:
Қайшы мен тарағы.
4. Ертеден-ерте тұрады,
Қолына рульді алады.
Олай-бұлай айналдырар.
Жолға қарап отырар.
Суретпен жұмыс.
-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? Қандай мамандық иелері бейнеленген?
-Кім қайда жұмыс істейді?
-Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді?
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>