/>Газ бәсеңдеткішінің негізгі арналуы жүйедегі немесе баллондағы газ қысымын жұмыс қысымына дейін төмендету және оны баллондағы немесе жүйедегі газ қысымы өзгеруіне қарамай, керек деңгейде автоматты түрде ұстап түру.
Барлық бәсеңдеткіштердің жұмыс принципі бірдей (42-сурет). Бәсеңдеткіштің екі бөлмешігі бар: жоғары қысымды 2 және төменгі қысымды 6. Бөлмешіктегі 2 қысым баллонның қысымымен тең, өйткені бөлмешік бірден баллонмен жалғанады.
а -- жұмыс істемейтін қалпы, б -- жұмыс қалпы
42 - сурет. Бәсеңдеткіштің құрылым сұлбасы және жұмысы
Бөлмешектер арасында екі серіппе 3 және 8 әсер ететін клапан 1бар. Бұл серіппелердің қысу күшінің қатынасына байланысты клапан ашық, немесе жабық болады. Серіппенің қысымы бұрандамен 9 реттеледі. Клапанды 1 жабу үшін серіппені 8 толығынан босату қажет (яғни бұранды 9 босату қажет).
Төменгі қысым бөлмешігі 6 газды вентиль арқылы жанарғымен жалғасады, ал жанарғыдағы газ қысымы бөлмешіктегі газ қысымына тең.
Егер бұранданың 9 бір қалпында бәсеңдеткішке келген және шыққан газ бірдей болса (бөлмешіктегі қысыммен шатастырмау қажет), онда жұмыс қысымы тұрақты болып, мембрана 7 бір қалыпта болады. Егер алынатын газдың көлемі келетін газдың көлемінен көп болса, онда бөлшектегі 6 қысым азаяды. Осының әсерінен қысатын серіппе 8 ұзарады да диафрагма қалпы өзгереді, клапан 1 көбірек ашылып, газдың бөлмешікке 6 келуі көбейеді. Газдың шығынын азайтқан жағдайда бөлмешіктегі 6 қысым көбейеді де ол диафрагманы 7 кері жағына иілуге мұқтаж етеді. Мұнда клапан 1 жабыла бастайды да, газдың келуі азаяды. Осылайша қысымды ұстау автоматты түрде қамтамасыз етіледі.
Бәсеңдеткіштер бірқатар белгілерімен бөлінеді:
- әсер ету белгілерімен (тура және кері әсер ету);
- өткізу қабілеттілігімен;
- газдың жұмыс қысым
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>